Елдос Сметов пен Рухия Байдүкенова «Дарын» сыйлығымен марапатталды

0

Сонымен, «Дарын-2021» мемлекеттік жастар сыйлығын:

«Ғылым» номинациясы бойынша – Есіркегенов Нұрғиса Аманкелдіұлы;

«Қоғамдық қызмет» номинациясы – Сансызбайұлы Балмейір, Бахретдинов Валихан Кабимуллаевич;

«Журналистика» номинациясы – Кеңшілік Ғалымжан Бауыржанұлы, Тұлжан Ақбөбек Нұрбаулықызы;

«Халық шығармашылығы» номинациясы – Елеусіз Ардақ Тимурұлы, Олжабай Темірлан Мақсатұлы, Наурыз Ернат Нұрбергенұлы;

«Классикалық музыка» номинациясы – Әбілда Алтынбек Еркінбайұлы;

«Театр және кино» номинациясы – Танабаева Ақмарал Нұрайқызы, Қанатқызы Риза;

«Спорт» номинациясы – зілтемірші Сон Игорь Сергеевич, дзюдошы Сметов Елдос Бақтыбайұлы;

«Эстрада» номинациясы – Байдүкенова Рухия Еділқызы, Алмадиев Әлібек Бекболатұлы;

«Әдебиет» номинациясы – Сәрсенхан Батырхан Бөріханұлы, Ахмер Біржан Ермекұлы;

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы – Атабек Әлібекұлы Бекболатов иеленді.

Айта кетейік, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын талантты жастарды қолдау мақсатында, ғылым, шығармашылық, спорт салаларындағы жетістіктері мен қоғамдық белсенділіктері үшін беріледі.