елдің батысында қасқыр бөлтіріктері үшін кек алды

0
44

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оқиға Мартұқ ауданындағы Полтавка ауылында болған. Қой мен иттерге шабуыл жасаған қасқырды аңшылар атып тастады

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз — Sputnik. Ақтөбе облысындағы ауыл тұрғындары қасқыр бөлтіріктері үшін кек алғанын айтып отыр. Ол қой мен иттерді жарып кеткен.

«Мой ГОРОД» өңірлік порталының ақпаратына сәйкес, оқиға 7 наурыз, сенбі күні Ақтөбе облысы Мартұқ ауданындағы Полтавка ауылында болған.

Батұрасай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Әмина Әжниязова таңертең жергілікті тұрғын отарға барған кезде қасқырды көргенін айтты. Бастапқыда оны ит деп ойлапты.

«Жыртқыш бес бірдей қойды жарып кеткен. Жақын маңдағы үйлердің екі итіне де шабуыл жасады. Олар жарақаттанды. Мұны естіген жергілікті аңшылар қарда жүретін көлікпен жыртқыштың соңына түсті. Полтавка маңында ұрғашы қасқырды атып тастады», – деді Әмина Әжниязова.

Тағы оқыңыз: Қазақстанға бір үйір қасқыр жақындап келе жатқаны рас па – министрлік түсініктемесі

Аңшылардың айтуынша, бұған дейін тұрғындардың бірі Полтавка маңында екі бөлтірікті атып тастаған. Сондықтан қасқыр сол үшін кек алған болуы мүмкін.



sputniknews.kz