Елдің 11 өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Қазгидромет 11 өңірде дабылды ескерту жариялады.
16 тамызда күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың орталық және оңтүстік аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
16-18 тамызда Алматы облысында күн бұзылады. Іле, Жетісу Алатауы: 16 тамызда кей жерлерде жауын-шашын мол түседі (жаңбыр, қар), 17-18 тамызда кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, 16 тамызда екпіні – 25 м/с. Қырғыз Алатауы: 16 тамызда кей жерлерде – өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыс желі кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Батыс Алтай: 16 тамызда кей жерлерде аздаған жаңбыр, 17-18 тамызда кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс желі 17-18 тамызда кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Тарбағатай: 16 тамызда кей жерлерде аздаған жаңбыр жауады, 17-18 тамызда кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс желі 17-18 тамызда кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
16 тамызда түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 16 тамызда кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
16 тамызда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.
16 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында 38 градус қатты ыстық болады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
16 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде 36 градусқа дейін қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.
16 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
16 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Үржар ауданында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
16 тамызда күндіз Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнайды.
16 тамызда күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды.
16 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, тұман түседі.