​Елден қуылсын! Шырын Нарчаева шектен шығып, қазаққа тағы да құрметсіздік танытты!

0

​Елден қуылсын! Шырын Нарчаева шектен шығып, қазаққа тағы да құрметсіздік танытты!

Қазақи әшекейлерді тағып, жалаңаш фото, видеоларға түсіп, желіде кең танылған Шырын Нарчаева тағы да шулатты. Бойжеткен бұл жолы шектен шыққан.


 
Ол жаңа түсірген ролигінде «Мен, Шырын Нарчаева. Ұлтым қазақ. Өзімнің барлық фото, видеоларым үшін барлық қазақ халқынан кешірім сұрағым келеді. Мен өз қатемді түсіндім және жасаған ісіме өкінемін… Сіздер осыны күттіңіздер ме?» деп, соңында сұқ саусағын көрсеткен.
 
 
Мұны көрген желі қолданушылары мұны шектен шыққандық, қазақ халқына жасалған құрметсіздік, бүкіл халықты қорлау деп отыр. Тіпті танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы желідегі парақшасында арнайы жазба жазып, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа, бас прокур Қайрат Қожамжаровтан  бұл сұмдықты тоқтатуды, тыйым салуды, ұлттық құндылықты қаралағаны үшін елден қууды сұраған.
 

Дереккөз: Reactor
 


Дереккөз: http://reactor.inform.kz