Елдегі коронавирус бойынша жаңа деректер жарияланды

0

Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2020 жылғы 29 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 794 жағдай тіркелді.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 131 659 жетті.
Оның ішінде:

Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы — 54
Алматы қаласы — 70
Шымкент қаласы — 4
Ақмола облысы — 91
Ақтөбе облысы — 3
Алматы облысы — 32
Атырау облысы — 17
Шығыс Қазақстан облысы — 125
Жамбыл облысы — 11
Батыс Қазақстан облысы — 44
Қарағанды облысы — 25
Қостанай облысы — 87
Маңғыстау облысы — 1
Павлодар облысы — 121
Солтүстік Қазақстан облысы — 108
Түркістан облысы — 1

Үстіміздегі жылдың 30 қарашадағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 164 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 905 бала бар. Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 222 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

:exclamation:2020 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

Өткен тәулікте 43 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 41 адам жазылып шыққан.