Елдегі блок-бекеттерде әскерилердің қызметі аяқталды — Қазақстан жаңалықтары
Төтенше жағдай кезінде тартылған әскерилер мен техника өздерінің бөлімдеріне оралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстанда төтенше жағдай режимі ресми түрде аяқталды. Осыған байланысты Қазақстан Қарулы Күштерінің блокбекеттерінде күшейту, елді мекендерді дезинфекциялау және патрульдеу бойынша кезекшілікке тартылған жеке құрамы мен әскери техника өздерінің тұрақты орналасқан пункттеріне оралады. Пункттеріне жеткізу әскери-көлік авиациясының күштерімен, сондай-ақ өз жүрістерімен жүзеге асырылады», — деді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінде.
Бұл ретте, арнайы жиындарға шақырылған аумақтық қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілері өз міндеттерін бұрын бекітілген мерзімдерге және жергілікті атқарушы органдардың жоспарларына сәйкес орындауды жалғастырады.
Елде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскерилерге режимді қамтамасыз ету және вирустармен күресте маңызды міндеттер жүктелді. Әскери қызметшілер аумақтар мен объектілерді өңдеуді жүргізіп, блок-бекеттерде және патрульдерде қызмет атқарды.
stan.kz