Елде жүргізушілер үшін қандай айыппұл кешіріледі

0
105
Сурет: Free-Photos

Елордалық полиция департаменті қазақстандықтарға жүргізуші куәлігін үйде қалдыруға мүмкіндік беретін заңға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz сайты.

Департаменттің баспасөз қызметінің түсіндіруінше, қазірден бастап көлік жүргізу кезінде жүргізуші куәлігі болуы қажет емес болғандықтан азаматта жүргізуші куәлігі өзімен болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталады.

Полиция автокөлік жүргізушілерінің назарын жол қозғалысы ережелерінен заң жоғары болатындығына, сондықтан құжаттардың жол ережесіне сәйкес талап етілуі заңсыз екендігіне назар аударады.

Сондай-ақ, әкімшілік жазаны алып тастайтын заңның кері күші бар екендігі көрсетілген. Бұл дегеніміз – қазақстандықтарға бұрын және қазіргі уақытта алынбаған жүргізуші куәлігін ұмытып кеткені үшін салынған айыппұлдар кешірілетінін білдіреді.

«Мұндай істер мәжбүрлеп орындауға жатпайды. Сонымен қатар, мұндай істер тек құқық бұзушылардан тиісті мәлімдемелер түскен жағдайда және олар бойынша жү??гізілген тексеру нәтижелері бойынша тоқтатылуы керек», – деп хабарлады департаментте.