Елде тағы 22 адамнан коронавирус анықталды – Қазақстан жаңалықтары

0
2

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелдi, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Індетті жұқтырудың жаңа жағдайлары Түркістан облысында – 4 адам,
Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам, Алматы қаласында – 3 адам, Шымкент қаласында – 5 адам, Қызылорда облысында – 8 адам тіркелді.

Ал осы уақытта дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырған 651 азамат анықталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 221 адам, Алматы қаласында – 119 адам, Қарағанды облысында – 48 адам, Ақмола облысында – 42 адам, Атырау облысы – 24 адам, Жамбыл облысында – 35 адам, Шымкент қаласында – 19 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 5 адам, Қызылорда облысында – 45 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 32 адам, Қостанай облысында – 1 адам

stan.kz