Елде коронавирус жұқтырғандар саны 900-ден асып кетті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстанда тағы 14 адамда коронавирус расталды. Барлығы 911 адамға жетіп отыр. 86 адам жазылып шыққаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 911 болды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

«Нұр-Сұлтанда — 11, Павлодар, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында тағы бір адамнан тіркелді», — деп жазылған хабарламада. 

Соңғы мәліметке сәйкес, елде 86 адам індеттен жазылып шыққан. 10 адам көз жұмды: 

  • Нұр-Сұлтанда — 1;
  • Алматы қаласында — 2;
  • Шымкент қаласында — 1; 
  • Ақмола облысы — 3;
  • Қарағанды облысы -;
  • Павлодар облысы -1;
  • Түркістан облысы — 1.



sputniknews.kz