Home Жаңалықтар Елде азық-түлік бағасы қымбаттаған – Қазақстан жаңалықтары

Елде азық-түлік бағасы қымбаттаған – Қазақстан жаңалықтары

0
61

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев азық-түлік, тауарлар мен қызметтер бағасының өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Сауда бойынша серіктес елдердегі карантиндік шаралардың нәтижесінде қалыптасқан шектеулі импортқа байланысты ұсыныстың жеткіліксіздігі жағдайында бағаның айлық өсуі 1,9 пайызды құрады, жылдық өсу 10,4 пайызға дейін үдеді, бұл – 2017 жылдан бастап ең жоғары мән.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, 2020 жылдың сәуір айында жеміс пен көкөніс 5,6 пайызға, қант 6,2 пайызға, жарма 3,4 пайызға қымбаттады. Досаев сауда және сервис объектілері қызметінің тоқтатылуына байланысты азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі өткен айдың деңгейінде сақталғанын хабарлады.

«Азық-түлік емес тауарлардың бағасы жылдық мәнде 5,4 пайызға өсті. Ұлттық валютаның әлсіреуіне байланысты дәрі-дәрмектер және жеке пайдаланатын тауарлар сияқты кейбір тауар бағаларының өсуі жанар-жағар май бағасының төмендеуімен байланысты болды. Бензин бағасы сәуір айында 1,3 пайызға, дизель отынының бағасы 2,3 пайызға төмендеді», – деп түсіндірді ол.

Ұлттық банк басшысы ақылы қызметтер бағасының жылдық өсімі 3,5 пайыз деңгейінде сақталғанын атап өтті.

«Төтенше жағдай режимі кезінде коммуналдық қызметтер тарифтерінің уақытша төмендеуі тежеуші фактор болды», – деді Ерболат Досаев.

stan.kz