елде 370 медицина қызметкері вирус жұқтырды

0

Олардың арасында ең көбі Алматыда – 197 қызметкер, астанада – 92 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 15 және Атырауда 17 маман

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 370 медицина қызметкері індетке шалдықты. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Бүгінде 370 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды», — деді ол онлайн брифингте. 

Айтуынша, дертке шалдыққан ақхалаттылар арасында ауыр жағдайда жатқан пациенттер жоқ. 
Вирус жұқтырған дәрігерлер еліміздің он үш өңірінде тіркелген. 

Олардың арасында ең көбі Алматыда – 197 қызметкер, астанада – 92 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 15 және Атырауда 17 маман. 

Тағы оқыңыз: Қазақстан коронавирусқа шалдығу шыңына тақады — енді қандай жұмыс басталады

Індетке шалдыққандардың 29 проценті дәрігерлер, 48 пайызы медбикелер және 23 проценті кіші медицина персоналы.



sputniknews.kz