«Ельциннен Надальға дейін». Назарбаев Қазақстан теннисін әлемдік деңгейге көтерді
Назарбаев Қазақстан президенті атанған шағында, 40-тан асқаннан кейін тенниспен әуестене бастады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған кезінде спортқа деген жақындығын жасырмады, деп жазады eurosport.ru.
Шаңғы, гольф, футбол – ол елдегі барлық спорт түріне қамқоршылық жасады, бірақ оның ең сүйікті ойыны теннис еді.
Ельцинмен теннис ойнаған
Назарбаев Қазақстан президенті атанған шағында, 40-тан асқаннан кейін тенниске әуес болып алды. «Қазақстанда теннисті сәнге айналдырған менмін», деп те талай мақтанғаны бар. Борис Ельцин екеуі ресми шаралардан кейін теннис ойнайтын. Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев сол тұста Владимир Познерге берген сұхбатында Нұрсұлтанның теннистегі шеберлігін атап өткен: «ТМД-ның барлық президенттерімен ойнады. Назарбаев техникалық жағынан мықты ойнайды».
Қазақстанның теннисін әлемдік деңгейге көтерді
Назарбаев Астанадағы алғашқы ұлттық теннис орталығын 2008-ші жылы салды, онымен де тоқтамады: 10 жылдың ішінде елдегі корттар саны төрт есеге – 60-тан 244-ке дейін көбейді.
Елдің теннис федерациясын соңғы 11 жыл бойы миллиардер Болат Өтемұратов басқарып келеді. Өтемұратовтың президентпен селфи жасамақ болған сәтсіз әрекеті 600 мың рет көрілді.
Назарбаевтың тұсында Ресей ойыншылары Қазақстанға ауысты
Инфрақұрылымның пайда болғаны жемісін берді. Елден тәуір теннисшілер шыға бастады, ал Зарина Дияс бір кездері WTA рейтингінің отыздығына ене жаздаған.
Шыны керек, Қазақстанға ойыншылар сыйлайтын басты мемлекет Ресей болып қала берді. Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева – қазақстанның осындай мықтылары бұрынғы Ресей азаматтары. Соңғы ауысқан ойыншының бірі – 2018 жылдың жазында Қазақстанға жол тартқан Тимофей Скатов, бір кездері юниорлар рейтингінде бірінші нөмірлі ракетка болған 18 жастағы ойыншы. Ес білгелі Ресейде өмір сүрсе де, ақыры тарихи отанын таңдады.
«Тимофей Қазақстанда туған. Ол жақта туысқандары көп. Біз оған өз ұсынысымызды жасадық, бірақ қазақтар бізден көбірек ақша ұсынған сияқты. Ресей соңғы екі жылда оны келісімді міндеттемелерсіз қаржыландырып келген. Тимофей – болашағы зор спортшы, өзімен де, әкесімен де сөйлестім, бірақ ол бәрібір Қазақстанды таңдады», – деп ақталған сосын Тарпищев.
Надальдан ракетка алған
Рафа мен Жо–Вилфрид Тсонга 2014 жылы Астанада көрмелік матч өткізді. Әрине, бұл ойынды тамашалауға Назарбаев келген. Матчтан кейін Рафадан сыйлыққа ракетка алды. Ал Рафаэль Қазақстан президентімен ракетка түйістіру зор мәртебе болар еді, дегенді айтқан.
— Drafts 2.0 (@drafts_2) 19 марта 2019 г.
Олар кейін теннис ойнады ма, белгісіз, бірақ үш жылдан кейін Надаль Астанаға тағы келіп, Новак Джоковичпен көрмелік матч өткізуді жоспарлаған, бірақ ол жоспар жүзеге аспай қалды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!