Елбасының Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларының қортындысы бойынша мәжіліс өткізілді
Бұл кеңес Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындаудың аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының коммуналдық қызметтерге тариф белгілеу саласындағы тексерісінің қорытындысы бойынша өткізілді.
Вице-министр Мемлекет басшысының коммуналдық құызметтерге тариф белгілеу саласындағы бақылаудың жоқтығына қатысты Комитеттің атына айтқан әділ сыны бұл саладағы уәкілетті органның тарапынан бақылаудың айтарлықтай нашарлауының салдары екендігін атап өтті.
Кеңесте құқық бұзушылықтардың пайда болуына ықпал еткен себептер мен жағдайлар қаралып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ұйғарымы бойынша Комитеттің барлық аумақтық бөлімше басшыларының есебі тыңдалды.
Прокуратура органдарының барлық ұйғарымын орындау, анықталған фактілер бойынша тұрғындар үшін негізгі коммуналдық қызметтерге өтемдік тарифтерді уақтылы енгізу мен тарифтерді азайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ бұл туралы халықты уақтылы хабардар ету тапсырылды.
Халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 12 қарашадан бастап, «Нұр Отан» партиясымен, «Атамекен» ҰКП-мен, ҮЕҰ, табиғи монополиялар субьектілерімен және қоғамдық маңызды базарлармен бірге облыс және аудан орталықтарында, сондай-ақ облыстық және аудандық маңыздағы қалаларда қоғамдық қабылдауды ұйымдастыру тапсырылды.
Олардың қортындысы бойынша, барлық ұсыныстар мен шағымдарды жүйелендіру және қажет болған жағдайда, табиғи монополиялар субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізу қамтамасыз етіледі.
Прокуратура органдарының ұйғарымдарында көрсетілген кәсіпорындарға БАҚ өкілдерінің, көпшіліктің қатысуымен прокуратура органдарының ұйғарымында көрсетілген фактілер бойынша басшылардың есебін ұйымдастыру үшін баспасөз турларын өткізу қажет.
Комитет басшылығына ағымдағы жылғы 12 қарашаға дейінгі мерзімде Комитеттің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі бойынша нақты ұсыныстар беру тапсырылды.
Вице-министр Комитет пен оның аумақтық органдары басшыларының назарын Мемлекет басшысының жұмыстағы басым бағыт – Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының өсуі болуы тиіс деген тапсырмасын бұлжытпай орындауға тағы бір мәрте аударды.