Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы тағайындалды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Ардақ Әшімбекұлы Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қауіпсіздік қызметінің бастығын тағайындады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Генерал-майор Ардақ Әшімбекұлы бұған дейін мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметін атқарды.  

Ардақ Әшімбекұлы туралы не білеміз

 1977 жылы 1 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара әскері институтын бітірген. Мамандығы – «Құрылымдардың әскери-қызметтік әрекетін басқару». Ал 2014 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінде құқықтану мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолын 1999 жылы Республикалық ұланда бастады. 2001-1013 жылдары Қазақстан президентінің күзет қызметінде сан алуан офицерлік қызметтер атқарды. Ал 2013 жылы күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бір жылдан кейін мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметіне келді. Ал 2018 жылы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. 

Тағы оқыңыз: Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа бастық тағайындалды

Естеріңізге сала кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әнуар Садықұловты Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындаған болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз