Home Жаңалықтар Елбасының мақаласы – Ұлт тарихындағы ұлы жобалардың бірі

Елбасының мақаласы – Ұлт тарихындағы ұлы жобалардың бірі

0
167

Халқымызда «Өткенсіз ел болмайды, тарихсыз жер болмайды»,-деген қанатты сөз бар.

Дәл осы сөзде айтылғандай, Мемлекет Басшысы  ұлт тарихындағы кеңістік пен уақытты сарапқа сала отырып, тек қазақтың ғана емес, түбі бір түркі елінің тарихын түгендеп, оған қазіргі ғылымның биігінен қарауды және нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді пайымдауды ұсынды.

Осы жолда Елбасы  бабаларымыздан келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз – Атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, Аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны сынды тамыры терең тақырыптар арқылы нақты дәлелдер көрсетті.

Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын өткенімізді қайта жаңғырту үшін «Архив 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды тапсырды.

Сонымен бірге «Ұлы даланың ұлы есімдері», «түркі әлемінің генезисі», «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» сынды тың тәсілдермен кеңінен талдау жасау қажеттігін айтты.

Халқымыздың, ұлтымыздың ұлылығына арналған бұл қадам – тағы да Елбасының шын мәнінде, туған халқымен біте қайнасқан, ғаламдық деңгейдегі үлкен ойшыл, алысты көздейтін ірі стратег екенін көрсетті.

Сондықтан Президентіміздің «Рухани жаңғыру» жолындағы батыл бастамаларының жалғасы саналатын «Ұлы даланың жеті қыры» тек отандық ғана емес, бүкіл Түркі әлемінің ғылым мен руханиятына жаңа серпін, жаңа жігер беретін және ұрпақтан – ұрпаққа жалғасатын тарихи құжат болып қалатыны сөзсіз.

Нұрлан Нығматулин,

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы