Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкім

0

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы

  1. Осы Өкімге қосымшаға сәйкес 2018 жылы Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін.
  2. Осы Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №261 Өкіміне қосымша

2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы

                                             Әдебиет қайраткерлері

Айтхожа Марфуға     –    1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Ақсұңқар Серік    –    1950 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ахметова Күләш    –    1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Әбдікұлы Төлен     –    1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әлімбекұлы Толымбек    –    1954 жылы туған, сатирик

Әшімов Әкім (Әкім Тарази)     –   1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Әшіров Ахмет     –    1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Бөдешұлы Жәркен    –    1944 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері

Гарькавец Александр     –    1947 жылы туған, түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері

Досанов Сәбит     –    1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері

Елеукенов Шериаздан     –    1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Жолдасбеков Мырзатай     –    1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Жұмаділ Қабдеш    –    1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы

Исабаев Нұртас    –    1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері

Қосылбеков Дидар     –    1969 жылы туған, жазушы, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қыдырханұлы Уахап     –    1932 жылы туған, жазушы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

Мұханбетқалиұлы Қажығали    –    1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Мырзахметұлы Мекемтас     –    1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Ниязбек Рәпілбек    –    1943 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нұрпейісов Әбдіжәміл     –    1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Оразбаев Иранбек    –    1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері

Оспан Сейфолла    –    1938 жылы туған, ақын, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Рәш Мыңбай     –    1930 жылы туған, ақын, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері

Салғараұлы Қойшығара     –    1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сарай Әнес     –    1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сәдуақас Тортай    –    1954 жылы туған, ақын-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сегізбай Кәдірбек    –    1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Смадияров Бекзат    –    1992 жылы туған, ақын

Сүлейменов Олжас     –    1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты

Фроловская Татьяна    –    1943 жылы туған, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы

Ыдырысов Әбілфайыз     –    1930 жылы туған, жазушы

                                               Өнер қайраткерлері

Абдулина Айша     –    1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Абубахриева Мукарам     –    1983 жылы туған, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Адамжан Бақтияр     –    1992 жылы туған, балет солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Ахметова Шайза     –    1948 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Аюханов Болат     –    1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әбжанова Анара    –    1986 жылы туған, суретші

Әмір-Темір Хусеин     –    1940 жылы туған, актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әшімов Асанәлі     –    1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты 

Әшірбекова Роза     –    1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Байсейітова Раушан     –    1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Давыденко Оксана     –    1984 жылы туған, опера солисі

Дайыров Еркебұлан     –    1986 жылы туған, актер

Дүйсекеев Кеңес     –    1946 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Еслямова Самал     –    1984 жылы туған, актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы

Жаманбаев Базарғали     –    1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Жуков Роман     –    1988 жылы туған, актер

Зұлхаш Чапай     –    1938 жылы туған, актер, режиссер, «Құрмет» орденінің иегері

Имаханов Бекен     –    1936 жылы туған, актер, Қазақ ССР-інің халық әртісі

Имашева Баян    –    1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Қалықова Саида    –    1985 жылы туған, пианист

Камалиев Қабыкен    –    1939 жылы туған, опера әншісі

Клушкин Юрий     –    1937 жылы туған, музыкант, Қазақстанның халық әртісі

Қастеев Дәурен    –    1979 жылы туған, суретші

Қастеева Зарема     –    1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі 

Қосыбаева Тамара     –    1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Мәлібекұлы Жандарбек     –    1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы 

Мышбаева Нүкетай     –    1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Нүсіпжан Нұрғали     –    1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Нұрмолдаев Серік    –    1987 жылы туған, өнертанушы

Обаев Есмұқан     –    1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Омаров Қанат     –    1988 жылы туған, дирижер

Оразбаев Сәбит     –    1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Өтекешова Меруерт     –    1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері

Өтепберген Аян     –    1992 жылы туған, актер

Померанцев Юрий     –    1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Разиева Гульвира      –    1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі 

Садықова Анвара     –    1982 жылы туған, хореограф-ұстаз

Сақиева Күләш     –    1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Тасыбекова Торғын     –    1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Төлегенова Бибігүл     –    1929 жылы туған, әнші, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Тыныштығұлова Сара     –    1942 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері 

Уәлихан Шот-Аман     –    1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Хасанғалиев Ескендір     –    1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Школьный Арий     –    1926 жылы туған, кескіндемеші, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 13 қараша  №261