Елбасының кеткеніне өксіп тұрып жылаған Индира Расылхан сөзге қалды — Қазақстан жаңалықтары
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатқаны жайлы хабар бүкіл елді шулатқаны рас. Халық 30 жылға жуық елді басқарған басшының кеткеніне сенер-сенбесін білмеді. Сол күні көзіне жас алғандардың бірі — әнші Индира Расылхан өзін видеоға түсіремін деп сөз астында қалды, деп жазады Stan.kz.
Бейнежазбада әнші Елбасының кеткенін айтып, жылап отыр.
«Бүгінгі хабарды естіген кезде көзіме жас келіп отыр. Алғаш президент болып сайланған кезде ол кісінің алдында ән айтқанмын. Сонда «сенің әнің де, даусың да өте әдемі екен» деп маған ең бірінші шабыт берген сол кісі еді. Ал қазір енді кәдімгідей… Сіздің еңбегіңіз орасан зор, аман болыңыз», — деп сөзін аяқтады әнші.
Мұны көрген жұрт әншіні көзбояушылық жасады деп аямай сынға алды. Халықтың басым бөлігі Назарбаевтың мәлімдемесін естігенде есеңгіреп қалғанын, алайда ол сияқты камераға асықпағанын атап өткен.
«Жоқ қалай сонда жылап отырып, видеоға түсіру есіңізге келді? Бәріміз де тыңдаған кезде аң-таң болып, абдырап қалдық. 1-2 минутта есімізді жиып, өтірік па, шын ба деп, қазақшасы бітіп қалған екен, орысшасын дұрыстап тыңдайықшы деп. Балаларға шуламаңдар деп ұрысып тыңдадық. Жүгіріп барып, сотканы алып келіп, камераға түсіру ешқайсымыздың ойымызға келмеген», — дейді оқырмандардың бірі.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz