Елбасының ерен еңбегі ұлықталды

0

Іс-шараның негізгі мақ­саты – халыққа Елбасы «Нұр Отан» партиясының Төра­ғасы Н.Ә.Назарбаевтың әлеумет­тік саясатының мәнін, оның елі­міздегі әлеуметтік-экономи­ка­лық жағдайын жақсартуға, қо­ғамдағы халықтар бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағыт­талған ерен еңбегін насихаттау.

Мерекелік іс-шараға «Нұр Отан» партиясының ардагерлері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елба­сының Кітапханасы музейінің қыз­меткерлері, қоғам­дық қа­былдау бөлмесінде кон­суль­та­тивті көмекті жүзе­ге асыра­тын мемлекеттік орган­дар­дың өкіл­дері, заңгерлер, банк кеңес­ші­лері және Л.Н.Гу­милев атын­да­ғы Еуразия ұлттық универ­си­те­ті­нің бола­шақ сая­саткерлері мен әлеу­мет­та­нушы студенттері қатысты.

Іс-шараны пар­тияның Респуб­ли­калық қоғам­дық қабылдау бөлме­сінің меңге­ру­шісі Б.Темі­рова ашып, Елбасы­ның «Қазақ­стандықтардың әл-ауқа­тының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негізгі ережелері,  партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы, азматтардың өтініштерін қарау, оң шешілген мәселелер қатарын арттыру тетіктері туралы кеңінен айтып берді.

Сонымен қатар Тұңғыш Пре­зидент – Елбасының  кітапха­на­сының қызметкерлері қоғам­дық қабылдау бөлмесінің ғима­ратында көшпелі көрме ұйым­дас­тырды. Қонақтар алдында аталған мекеме директорының орын­­басары Г.Ақтаева Елбасы­ның өмір жолынан сыр шертетін та­­рихи деректер жөнінде айтып өтті.

Қазақстан Республикасы Елтаң­басының авторы Ж.Мәлі­бекұлы өз сөзінде мемлекеттік рәміздерге байланысты байқауға 600-ге жуық туындының авторлары қатысқанын және өзінің еңбегі көпшіліктің және Елбасының көңілінен шыққанын тебірене айтты.  Партия ардагері, Елбасының бұрынғы кеңесшісі Қ.Тақуов Н.Назарбаевтың тәуел­сіздікті нығайту жолындағы тарихи бастамалары турасында естелігімен бөлісті.

Бұдан кейін қоғамдық қа­был­дау бөлмесінде үнемі консуль­та­тивті көмек көрсететін үздік мем­­лекеттік органдар, банк ке­ңес­шілері және заңгерлер ма­ра­­пат­талды. Оларға партия хат­шы­­сының Алғыс хаттары мен Елбасының өмірі мен қыз­­меті туралы жинақтар табыс­талды.

Асқар ҚҰМАРБАЙ,

«Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты