Елбасыға ескерткіш қоюды ұсынған жігіт 25 жасында депутат болды

0

«Нұр Отан» партиясы депутаттыққа ұсынылғандардың тізімін жариялады. Тізімде Айдос Сарым, Дәриға Назарбаева, Жанарбек Әшімжан, Берік Әбдіғалиұлы т.б азаматтар бар.

Ескерер тағы бір жайт, былтыр Алматы қаласында «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық конференциясында «Jas Otan» жастар қанатының Алматыдағы төрағасы Мәди Ахметов «Елбасыға ескерткіш қою керек» деген ұсынысымен ел есінде қалған болатын.

«Нұр Отан» партиясы атынан депутат болғандардың қатарында сол Мәди Ахметов те бар. Биыл 25 жаста. Қоғам белсендісі. 1995 жылы туған.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы. Мен өзіңіз сияқты Алматы қаласының тумасымын. Жасым 24-те. Сіздің халқыңызға сіңірген ерен еңбегіңіздің өтеуі ретінде Алматыда Назарбаев даңғылында ескерткіш орнатуды ұсынамын. Оны мұнда отырған жастар қолдайды деп сенемін», — деген болатын Мәди Ахметов.