ЕЛБАСЫҒА ЕСЕП БЕРДІ | «Айқын» газеті

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады.
Кездесу кезінде Мемлекет басшысына өңір­дің экономикалық дамуының негізгі көрсет­кіш­тері, сондай-ақ облыстағы мемлекеттік жә­не салалық бағдарламалардың іске асырылу ба­рысы туралы есеп берілді.
Ералы Тоғжанов Қазақстан Президентіне өнім­ділікті арттыру және өңдеу өнеркәсібін да­мыту мақсатымен қабылданып жатқан шаралар жө­нінде мәлімдеді.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрғын үйлер мен студенттік жатақ­ханалар салу, шағын және орта бизнеске қол­дау көрсету, жаңа жұмыс орындарын ашу жө­ніндегі бағдарламаларды іске асыру нәти­же­лері, сондай-ақ өңірдің туристік әлеуетін дамы­ту барысы мен коммуналдық қызметтерге қа­тыс­ты тарифтерді реттеу саласында қабылданып жат­қан шаралар туралы баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бір­­­қатар нақты тапсырма берді.