Елбасы Жолдауы – ел игілігі үшін

0

Елімізде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ­стандықтардың әл-ауқаты­ның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­­тыру» атты Жолдауының не­­гізгі ережелерін түсіндіру және оны қалай жүзеге асыруды тал­қылау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде. Жақын да жарқын келе­шектегі жұмыстардың жай-жапсары егжей-тегжейлі ай­тыл­ған Елбасымыздың көңілге көп серпіліс әкеліп, көкейге тың ойлар түйгізіп, жаңа мүм­кін­­­дік­терге жол ашар бұл жол­ғы Жолдауының бізге – Қазақ­стан­­ның әрбір азаматына артар жүгі салмақты. Өйткені бұл – Мем­­лекет басшысы қой­ған қомақ­ты міндеттердің алда ат­қа­рылуы тиіс негізгі басым­дық­тарын айқын белгілеп берген стратегиялық құжат. Мұндағы Елбасының сенімге толы әрбір сөзі қарапайым халықты қуант­қан жақсы жаңалықтар мен жағым­ды талаптардан тұрады. Ең бас­тысы, халық игілігі үшін қозғалған әлеуметтік тақырып.

Осы орайда Елбасы жергі­лік­ті бюджеттен жеңілдетіл­ген ипо­те­каның алғаш­қы жарнасын суб­сидиялау бо­йынша жан-жақты жұмыс жүр­гізуді тапсырды. Мемлекет басшысы мә­лім­­дегендей, мұндай тұр­ғын үй сер­тификаттарын беру мұғалім­дер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да жергілікті өңірлерге қажетті ма­мандық иелері үшін ипоте­каның қолжетімділігін арт­тыра түс­пек. Бұл тұрғыда елі­мізде ал­ғаш­қы жарнаны азайту бойын­ша жұмыстар басталып та кет­ті. Осыған сәйкес, «7-20-25» бағ­дар­ламасына қатысуға ниет білдірген азаматтардың алғашқы жарнасын арзандату үшін жалпы саны 50 мың данадан кем емес тұрғын үй сертификаттары шығарылатын болыпты. Сонда, Қазақстан халқына үстіміздегі жылдың аяғына дейін 10 мыңдай сертификат тапсырылмақ.

Ақы төленбейтін қыруар жұ­мыс­тарға жегіліп жатқан мұ­ға­лімдер мәртебесі туралы заң қабылдау, оқушының үш ауы­сымда оқуына жол бермеу тура­лы, толып жатқан спорт кешен­дерінің халық игілігі үшін жұмыс істеп, олардың әрбір балдыр­ған үшін тегін болуын, сауық­ты­ру орта­лықтарының әрбір аулада салынуын тапсырған Елба­сы­мыз «Назарбаев зият­керлік мектебі» стандарты­ның орта мектептерде де қолда­нылуын, қол­да бар инфра­құрылым негі­зінде Назарбаев Университет үл­гі­сімен полите­хникалық жо­ғары оқу орнын құру туралы, елі­міздің жоғары оқу орындарына деген халық сенімін нығайту, ол үшін, ең алдымен оқыту мен білім сапасын арттыру, жоғары білімнің қолжетімділігіне жағ­дай туғызу, оларды бітірген сту­денттерді маман­дықтары бойынша жұмыс­қа орналастыру туралы талаптарды орынды көтерді.

Шынында да жұмысқа тұруға жол ашпайтын дипломның қажеті қаншалықты? Еңбекке араласуға мүмкіндігі болмайтын білімгерлерінің саны сол жоғары оқу орнының сапасының да ай­қын айғағы екені рас. Сол се­беп­­ті әлсіз білім ордалары әше­йін өмір сүруін тоқтатып, на­рық эко­но­микасына төтеп бере ала­тын ЖОО-лар ғана сақталуы тиіс.

Білім саласы ғана емес, ТКШ, инфрақұрылымдар сапасы, ден­саулық сақтау саласы жө­нінде де қолға алынып жат­қан шаралар жетерлік. Келер жылдан бастап жалақысы 20 пайызға ұлғайтылатын учас­ке­лік медициналық қызмет­кер­лер, жаппай ипотеканы алу­ла­рына енді мүмкіндік жаса­ла­тын дәрігерлер, полицейлер, мұғалімдер қауымы, кезінде урбанизацияның қауіпті тасқы­нымен болашағы буалдыр тарт­қан туған мекенін тас­тауға мәжбүр болып, үлкен қал­а­лар­ды паналаған шарасыз жұрт та Елбасы қамқорлығына көз жеткізуде. Отбасыларға ар­нал­­ған жатақхана типтес көп­пәтерлі үйлер салынатын болып жатыр. Алматы облысында етті сүйегіне дейін өңдейтін ірі зауыттың іргетасы қаланып, іске қосылғалы жатқан сүйінші хабарын Елбасының өз ауызынан естідік. Ендеше, азық-түлікті шеттен әкелу доғарылып, сыртқа шикізат емес өндірілген өнімімізді сатып, Отанымызда халықтың тұтынуына қолайлы тауарлар көптеп шығарылып, өз елімізден шыққан отандық киіммен емін-еркін киіне бастайтынымыз керемет қой.

Заңгерлер мен тәртіп сақшы­лары­­ның да іс-әрекеттеріне тоқ­­талып, 2019 жылғы 1 қаң­тар­­дан бастап шағын және орта биз­­неске «салық амнистиясын» жа­рия­лаған Елбасының айтқа­нын­дай, Дүниежүзілік банк­тің «Бизнес жүргізу жеңіл­дігі» жө­нін­дегі рейтингісі бойынша Қазақ­станның 190 елдің ішінде 36-орынға көтерілгені зор қуаныш. Осы жылдар ішінде саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жас­қа жеткен халқымыздың дені сау болуы үшін тамақ пен дәрі-дәр­мек­тің, ауыз судың са­палы болуы, мүмкіндігі шек­теулі жан­­­дар­­дың күнделікті қажет­т­е­рін өтеуге ұдайы көмек бе­рілуі, білім, ғылым, медицина­ға ішкі жалпы өнімнің 10 пайы­зы­ның жұмсалуы басты назар­да ұсталатындығын баса айтқан Нұрсұлтан Назарбаев бір бөлім­де отырған он адамның үшеуі ғана өндірте жұмыс істеп, қал­ған­дарының маңдай тері төгіл­мей-ақ жалақы алатыны жайлы жайттардан да қарапайым мы­салдар келтірді. Еңбегіне қарай ақы төлеу жақтарын қарас­ты­рып, жұмыстарды оңтай­лан­ды­ру, ішінара қысқарту ісін ұйым­­дастырғанда Түркістан об­лы­сы­ның бір өзіндегі екі бір­дей мек­теп­ке екі түрлі баға – жер мен көкт­ей айырмасы бар екі түр­лі құн белгіленгенін қатты сын­ға ала отырып, формализм­ге ұрын­бау керектігін қатаң ескерт­ті. 

Елбасының биылғы Жол­дауын­да жастарымызға да үл­к­ен көңіл бөлгеніне куәміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оларға ерекше сенім арта отырып, барлығының жағдайын жасауға баса назар аударады. Ел Президентінің жыл са­йын­ғы жолдауларының басым ба­ғыт­­тары жастармен тікелей бай­­л­а­нысты болуы, кез келген мем­лек­ет­тік маңызы бар стратегия­лар мен мақа­лаларында, сөз­дерінде әр­кез өс­келең ұрпақ­ты тілге тиек етуі – со­ның ай­қын дәлелі. Білім және ғылым ми­нистр­лігінің жанында Елба­сының тікелей тап­сыр­масымен Жастар саясаты жө­нін­дегі ко­ми­теттің, жергілікті жер­­лер­де бас­қармалардың құры­луы, Жас­тар саясаты туралы мем­­ле­­ке­ттік заңға өзгеріс­тер мен то­­лық­т­ырулардың енгі­зі­ле­тін­дігі, 2020 жылға дейінгі ар­найы тұ­­жы­­рым­даманың қабыл­данғаны – жас­тарды қанаттан­дырды. Ел­дің болашағы оларға берілген тәр­биеге байланысты. Сон­дық­тан бүгіннің өзінде жастармен жұмыс істейтін мемле­кет­тік ор­ган­дардың бәрінде Пре­зи­­­д­енттің Жастар жылы деп жа­­рия­­лауы аясында жүргізілер жұ­мыс­­тардың жүйесі жоспарлануда. 

Жалпы, Президент Жол­дауын­­дағы міндеттерді жүзеге асы­руға бір жарым триллион теңге аударылатынын еске ал­сақ, бұл – қазақстандықтардың әл-ауқа­тын арттыруға барынша тиімді жұмсауымызды қажет ететін үлкен қаражат. Тек қана іске сәттілік тілейміз.

Үміт БИТЕНОВА,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі