Елбасы Жээнбековпен ТМД аясындағы алдағы кездесулер жөнінде пікір алмасты

0

2018 жылғы 4 желтоқсан 18:14 140

Елбасы Жээнбековпен ТМД аясындағы алдағы кездесулер жөнінде пікір алмасты

АСТАНА. ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Көшбасшылар күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы мен ТМД аясындағы алдағы кездесулер жөнінде пікір алмасты.