Елбасы жайлы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, патриоттық сезім

0
Тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Мақсаты:
1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып — өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклеттер.

1 — жүргізуші:(Умидбек) Біздің Президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

2 — жүргізуші:(Нұрбол) Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз! «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын! Еліміздің әнұраны орындалсын!

1 — жүргізуші: (Умидбек) Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар — намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Шағын бейне жазбаға назар аударайық.

2 — жүргізуші (Нұрбол): Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ. Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға — апаларымыз, ата — бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.
Қ. Аманжолов:
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1 — жүргізуші:(Умидбек) Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер — саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев сол күннен бері 27жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

2 — жүргізуші (Нурбол) Елі құрмет тұтқан, Елағамыз, Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз — Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

1 — оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 — шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау — бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз — маз өнімдерін сатып, үй — ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата — анасын қатты құрмет тұтты.

2 — оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3 — оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

4 — оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

5 — оқушы. 1991 жылы 1 — желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

6 — оқушы: 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

7 — оқушы: 1992 жылы 4 — маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

8 — оқушы: Шаңырақ – Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар – үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ — арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/