Елбасы: Үкімет те, мен де өте мазасыз күйде жұмыс істеп жатырмыз — новости Казахстана

0

Қазақстан президенті әлемде орын алған қиын геосаяси мәселелер туралы сөз қозғады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Тағы да оқыңыздар:

«Ұят емес»: Назарбаев некесіз бала туған жалғызбасты аналарды жақтады>>

Назарбаев: Егер өмір қиындап кетсе, зираттарды аралап қайт>>

Назарбаев: Қазақстанда қазір бәрі бар, тек ақша керек>>

«Қазір әлемде өте қиын жағдай орын алды. Барлық ірі державалар бір-бірімен ортақ тіл табыса алмай жатыр.

Мәселен АҚШ пен Ресей 15000 ядролық жарылғыш жинап қойған. Бұл барша адамзатты бірнеше рет жойып жіберуге жеткілікті.

Егер мұндай елдер бір-бірімен түсінісе алмаса — бұл біз үшін алаңдайтын жағдай», — деді Елбасы Азаматтық форумда.

Сондай-ақ, Назарбаев АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық жағдайдың мәз еместігін айтып өтті.

«АҚШ пен Қытай арасындағы санкциялық әрекеттер, сауда соғысы — барлығы бізді тығырыққа тірейді. Сондықтан Үкімет те, мен де өте мазасыз күйде жұмыс істеп жатырмыз», — деді ол.

Осы орайда мемлекет басшысы еліміздің бірлігі бекем болып, ішкі тыныштықты сақтауы өте маңызды екенін алға тартты.

«Дәл қазір Отанға деген сүйіспеншілік, өзара түсінісу жіне жоғары жауапкершілік таныту өте қажет болып тұр. Үкіметтік емес ұйымдар мені әрдайым қолдайды деп сенемін», — деп сөзін қорытты президент.