«Елбасы туралы ән жазып, өзің оқысаң — сенде бәрі болады»: Зайытов өзіне жасалған ұсыныс туралы

0

Айтыскер ақын Ринат Зайытов алғаш рет өзіне жасалған ерекше ұсыныс туралы айтты. Алайда ол ұсыныстың сыйақысына қарамастан бас тартқан-ды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

«Жоғары жақтағылар менің партиямды тіркемейміз деп ашық айтты. Мен 20 мың адамды оңай жинай да, партия аша да аламын. Оның ешбір қиындығы жоқ. Тек ол партияны тіркемейді екен. Маған солай айтты. Мен дауысқа түссем, дайын партияның атынан түсе салғаным дұрыс сияқты. (…).

Жаз кезімде үлкен кісілер келді. Елбасы туралы ән жазып, өзің оқып берсең, сенде бәрі болады деді. Алматыдан жақсы үйді уәде етті. Мен бас тарттым. Ойландым, бірақ қолымнан келмеді. Менің материалдық шамам керемет емес. Ақшадан қысылатын кездерім болады. Тоқал алуға да шашам жетпей жүр. Әйтпесе тоқал алуға 7 атамыздан дайынбыз ғой», — деді ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін ақын анасына бір үй алып бере алмағаны үшін өкінетінін айтқан еді.