Елбасы Сағадиевті сұрақтың астына алды
Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы форумда еліміздегі жетім балалардың жағдайына алаңдайды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Сонымен бірге Елбасы Қазақстанда балалар үйі мүлдем болмау керектігін және шетелдегі асыранды балалардың өз елін сағынатынын айтты.
«Біз арнайы агенттік құруға қатысты ұсынысты қолдауымыз керек. Мүмкіндігі бар адамдар жетім балаларды балалар үйінен алуы керек. Біздің балаларымыз шекара асып шет елде қалуы біз үшін қолайлы ма?» деді президент.
Кейін Елбасы Білім және ғылым министрі (келесіде БҒМ) Ерлан Сағадиевті сұрақтың астына алды.
«БҒМ төрағасы осында бар ма? Ерлан бері қара, 11 шетелдік агенттік бар, ал бізде бірде-бірі жоқ», деп наразылығын білдірді Елбасы.
Ал Ерлан Сағадиев соңғы үш жылда Қазақстанда бір де бір бала шетелдіктерге асырап алуға берілмегендігін айтты. Сонымен қатар Ерлан Сағадиев агенттік құру идеясына қарсы еместігін жеткізді.
Елбасы қазақстандық бизнесмендердің мемлекеттік саясаттың арқасында байығанын тілге тиек етті.
«Мен бұрыннан кедергілерге тосқауыл қойып, тексеру жұмыстарын алып тастап орта және кіші бизнеске қолдау білдіріп келемін. Мұндай саясатты бұрыннан ұстанамын. Енді біздің елде халықтың жағдайын жасауға міндетті табысты азаматтардың саны артты. Көптеген азаматтар халықтың, мемлекеттік арқасында байлыққа жетті. Егер кедейлер разы болмаса, байлар байымайды», деп мәлімдеді Елбасы.
Осыған дейін BI Group компаниясының басшысы Айдын Рақымбаев бала асырап алу жөнінде ұлттық агенттік құру туралы ұсынысты айтқан болатын. Табысты бизнесменнің айтуы бойынша, қазақстандық бизнесмендер жетім балалардың санын азайту мақсатында қиындыққа тап болған әйелдерді қолдауға арналған «Аналар үйі» жобасын бастаған.