Елбасы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті — Ел жаңалықтары

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.
Көшбасшылар күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы мен ТМД аясындағы алдағы кездесулер жөнінде пікір алмасты.