Елбасы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.
Көшбасшылар күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы мен ТМД аясындағы алдағы кездесулер жөнінде пікір алмасты.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен және Беларусь республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескен болатын.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ