Елбасы: Қазақстанда балалар үйі болмауы керек

0
Елбасы: Қазақстанда балалар үйі болмауы керек


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бизнесмендерді жетім балаларға қамқор болуға шақырды.

VIII Азаматтық форум барысында BI Group компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев Президенттен Бала асырап алу жөніндегі Ұлттық агенттік құруға рұқсат беруін сұраған еді.

«Көптеген бизнесмендер қайырымдылықпен, көмек көрсетумен айналысады. «Аналар үйі», жетімдер – бұл мәселелер мені қатты уайымдатады. Қазақстанда балалар үйі болмауы керек. Рахымбаев қандай бағытта жүру керектігін көрсетіп жатыр», – деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтен қалайша Қазақстанда бала асырап алатын шетелдік 11 агенттіктің, ал отандық бірде-бір агенттіктің жоқ екенін сұрады.

«Бала тәрбиелейтін мүмкіндігі бар адамдар балалар үйіндегі балаларды алуы қажет. Біз BI Group компаниясының жұмысын қолдауымыз тиіс. (…)  БҒМ, Президент Әкімшілігіндегілер, үкіметтегілер жұмыс істеуі керек, барлық іскер адамды, ақшасы бар адамдарды жинап осы мәселеге назар аударту қажет», – деп тапсырды Назарбаев Сағадиев өз кезегінде балалар үйіндегі бала санының жыл сайын азайып жатқанын айтты.

Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев бизнесмендерге осыған дейін үлкен қолдау көрсетілгенін, сол себепті дәулетті азаматтар өз халқына көмек көрсетуі тиістігін мәлім етті.

«Егер жарлылардың көңілі тоқ болмаса, байлар ары қарай байымайды» дейді. Сондықтан, министрлік (Қоғамдық даму министрлігі) пен Президент Әкімшілігі осы бағытта жұмыс жүргізіп, Үкіметке бәрін жинауы керек деген ойдамын. Яғни, ақшасы бар іскер азаматтар адамдарға көмек қолын созатын үкіметтік емес ұйымдарға көмек көрсететіндей тетіктерді қарастыру керек», – деді Президент.

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз