«Елбасы отырған кресло» 1,5 миллион теңгеге сатылып кетті — Қазақстан жаңалықтары
«Нұр Отан» съезі біткен соң ел президент отырған креслоға таласып жатқанда, жарнама берушілер оны сәтті пайдаланып жүрген сыңайлы. Әлдебіреулер «елбасы отырған кресло» деп орындықты 1,5 миллион теңгеге саудаға шығарған.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Жарнамасы жер жарып тұрған кресло осындай бағаға бағаланса да, тез арада сатылып кеткен сияқты. Өзін Александрмын деп таныстырған жарнама беруші оған шынымен президенттің өзі отырғанын айтып, сатып жібергенін айтты. Ал елбасы отырған орындықтың түр-түсіне дейін білетін «Нұр Отандықтар» мұның мүмкін еместігін айтты.
Айта кетейік, съезден кейін президент отырған креслоға нағыз талас басталған. Елбасы шығып кеткен соң, сол орынға жапатармағай жабысып, ел жарыса фотоға түскен болатын.
«Ғаламтордағы кресло тура сондай ашық қоңыр сарғыш түсті. Бірақ ол шындыққа жанаспайды. Түсі ұқсас болғанымен, мүлдем екі түрлі. Съезде қойылған орындықтар біздің қоймада тұр. Ауқымды шаралар болғанда алып шығамыз да, орнына қайта қоямыз. Оның сатылымға шығуы мүмкін емес», — дейді «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары Ерсайын Оспанов.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz