Домой Басты тақырып Елбасы Мұхтар Аблязов пен Рахат Әлиев туралы айтты

Елбасы Мұхтар Аблязов пен Рахат Әлиев туралы айтты

0
2757

Белгілі режиссер Оливер Стоун түсірген «Qazaq: алтын адамның тарихы» деректі фильмінде Елбасы өзінің бұрынғы күйеу баласы, марқұм Рахат Әлиев туралы айтып, оның жоғары лауазымға тағайындалуын қателік деп атады, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz порталына сілтеме жасап.

– Ол қаржы полициясын басқарды. Осыны пайдаланып, ол бизнестерді қысып, ақшасын тартып алды, ақша алды. Бір кездері мен оған «тоқта» деп ескерттім. Елестетіңізші, менің күйеу балам. Үш немерем бар. Менің қызым үш немеремді және олардың әкесін ертіп келді. Не істей аламын? Міне, ол қылмыскер дедім, – деп айтты Назарбаев.

Бұл сізге ауыр тиді ме, деп сұрады Оливер Стоун.

– Бұл өте ауыр болды. Біреу болса мейлі… Ал бұл өзің сенген адам… Кеше Дариғамен сөйлестіңіз ба? – деп сұрады Елбасы.

Иә, ол мұны талқылағысы келмеді, – деп жауап берді Стоун.

Рахат Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаға үйленген. 2008 жылы Рахат Әлиев билікті басып алуға дайындалып, адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұйымдастырғаны үшін сырттай ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. 2011 жылдың маусымында Вена соты Әлиевті Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты.

2015 жылдың ақпан айының соңында австриялық БАҚ Әлиевтің Австрия астанасындағы түрмеде өлі күйінде табылғанын хабарлады. Болған оқиғаның негізгі нұсқасы өз-өзіне қол жұмсау болды.

Негізі, ұжымыңыздан үлкен қызмет атқарған адамдар сізге қарсы әрекет ете бастаған жағдайлар болды ма? – деп сұрады Стоун Назарбаевтан.

– Бұндай барлық жерде бар, біздің тарихымыз ғана емес. 1991 жыл Кеңес Одағы ыдырап, жалғыз қалдық. Мен бірге жұмыс істеген әріптестерімнің бәрі бұрынғы коммунистер еді. Университетте олар нарықтық экономика мен капитализм туралы бірдеңе түсінді. Ескі тәжірибе кедергі болмас үшін мен осы 30-32 жастағы жігіттерді қызметке тағайындай бастадым, – деп жауап берді Назарбаев.

Назарбаев осындай жастарды жоғары лауазымдарға, мәселен, министрлікке қалай тағайындағанын айтты.

– Және бұл қате болды. Керісінше, мемлекеттің ақшасын ұрлай бастады. Көбі жемқорлыққа жол берді. Оны (Аблязов) Лондон соты халықаралық алаяқ деп танып, сотталды. Мен оны кешірдім.

– Ең үлкен қателігі – ол банкке қайтып барып, сол банкті тонап, бірнеше миллиард доллар алып кетті. Оған қоса, ол өзінің серігін тапсырыс беріп өлтіріп тастады. Американың ФБР-мен бірге біз мұны зерттедік, – деп түйіндеді Назарбаев.