Елбасы медалі ерекше ережемен табысталады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Жобаға 14-29 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Басты мақсат – жастарға өзін жетілдіруге серпін беру

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Қазақстанда «Елбасы медалі» ұлттық жобасы басталды,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Елбасы Академиясы» корпоративті қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозиннің айтуынша, жаңа жоба аясында нақты жеті бағыт айқындалған:

  • Спорт және дене шынықтыру.
  • Кітап оқу.
  • Дарын мен дағды.
  • Ұлттық мұра.
  • Еріктілік.
  • Туристік саяхаттар.
  • Еңбек тәжірибесі.

«Жобаның басты мақсаты – 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтарға өзін жетілдіруге серпін беру. Бұл дегеніміз, осы жасқа сәйкес келетін кез келген адам қатыса алады. Әсіресе, карантиннен шаршап жүрген жастар үшін жақсы мотивацияға айналады деп сенеміз. Олар өздерінің физикалық жағдайын жетілдіріп, дағдыларын дамытады. Сонымен қатар, айналасындағы адамдарға да көмегін тигізуі керек. Жаңағы жеті бағыт аясында кез келген саланы таңдап, өзін жетілдіру жұмысын бастай беруге болады. Жоба челендж форматында өтеді. Бағдарламаға қатысу тегін», — деді Жанғозин бүгінгі онлайн брифингте.

Қазақстанда «Елбасы медалі» бекітілді: кімдер марапатталады 

Бағдарламадан сәтті өткен жастар Елбасы медалімен марапатталады. Оның үш дәрежесі бар. Олар – қола, күміс пен алтын. Әр деңгейдің өзіндік талаптары белгіленген.

«Қола деңгейге жету үшін 6 ай, күміске 12 ай және алтын деңгейге жету үшін 18 ай қажет. Бағдарламаға қатысу үшін me.fpp.kz сайтында алдағы екі аптаның ішінде тіркелу керек. Бүгінгі таңда алдын ала тіркеуден өткен қатысушылардың саны 6 мың адамнан асып отыр. Қатысушылар бір-бірімен бәсекеге түспейді. Олар өз дағдыларын дамытып, нақты нәтиже көрсетуі керек», — деп түсіндірді Жанғозин.



sputniknews.kz