Елбасы мақаласы түрік, әзербайжан және қырғыз тілдеріне аударылды

0
24 Қараша 2018, 16:13 212 0

Фото: qazaqtimes.com

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы түрік, әзербайжан және қырғыз тілдеріне аударылды.

Елбасы мақаласының түрік, әзербайжан және қырғыз тілдеріндегі нұсқалары Халықаралық түркі академиясының ресми сайтында жарияланды.

Елбасы мақаласы 21 қараша күні жарияланған болатын. Мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы. Ол «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Президент бұл жолы ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайына кеңінен тоқталған.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ