Елбасы мақаласы бізге жаңа шабыт, жаңа рух берді
Күні бүгінге дейін еліміздің бай тарихы туралы кітап беттерінен, ғалымдарымыздың еңбектерінен оқып білген едік. Міне, күні кеше ғана Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы жарық көріп, төл тарихымызды басқа қырынан танығандай болып жатырмыз.
Бұл еңбек бізге жаңаша шабыт, рух берді. Жоғымыз табылғандай болып жатырмыз. Әсіресе, біздер, тарих пәнінің мұғалімдері үшін бұл еңбек түрлі мәдениеттің бастауы іспетті болды. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында бүгінгі Қазақстанның болашағы мен өткенін кеңінен қамтыса, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ежелгі тарихымыз бен мәдениетімізге, ежелгі өркениетімізді қайта жаңғырту керектігін тапсырып отыр.
Әсіресе, бұл жолда біздің ғалымдарымызға, тарихшыларымызға тағы да тер төгу міндеті тұр. Күнделікті сабақ барысында мақалада көрсетілген «Атқа міну мәдениеті, «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны» деп айрықша бөліп көрсетілген бөлімдер туралы оқушылар да қызыға тыңдады.
Әсел Асқарқожаева