ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ЭКСКУРСИЯСЫ ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

0

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрмесі өтті. Көшпелі көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы бірізді рөлін көрсететін қор көрмесі.


Экскурсия барысында аудан тұрғындары Елбасының еңбектерімен, жазбаларымен танысты. Бүгінде орталықта 11 мыңнан астам экспонаттар сақтаулы. Соның 1000-нан астамын Сыр еліндегі көшпелі көрмеден тамашалауға болады.
Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов: «Көрмеге келушілерге Н.Ә.Назарбаевтың комсомол-металлургтен бастап ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейінгі еңбек жолын баяндайтын сирек кездесетін бейнематериалдар, фотосуреттер, архивтік құжаттар және жәдігерлерден тұратын бірегей материалдар кешені ұсынылды. Біздің көрмеміз 2-3 ай Сыр елінде жұмыс істейді. Көрмеде ғалымдар, орталықтың мамандары әрбір экспонаттың тарихын айтып, жақыннан таныстыратын болады. Сонымен қатар, Елбасының қолмен жазған хаттары, наградалары сынды құнды дүниелерді де көруге болады».
Көшпелі көрменің салтанатты ашылуы 8 сәуір күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтеді.