Елбасы «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашевты қабылдады
Қазақстан Президенті «Ақ жол» демократиялық партиясының мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және оның негізгі басымдықтарын халыққа түсіндіру үдерісіндегі рөлін ерекше атап өтті.
– Сіз еліміздегі тәжірибелі Парламент депутаттарының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері «Ақ жол» партиясына басшылық етіп келесіз. Партияларыңыз нақты жұмыстар атқаруда. Мемлекеттің жүргізіп жатқан саясатына қолдау білдіріп, халық бірлігін нығайту ісіне өз үлестеріңізді қосып отырсыздар, – деді Елбасы.
А.Перуашев партия фракциясының биылғы Жолдаудың негізгі бағыттарын орындау, соның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020», «Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламаларын одан әрі жүзеге асыруға және отандық бизнесті қолдау мақсатымен қабылданып жатқан шараларға қатысты ұсыныстар енгізу жөніндегі жұмыстарын атап өтті.