Елбасы әдебиет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендиялар тағайындады

0

Сыйлықты беру туралы жарлыққа 2018 жылы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы белгілі болды. Бұл туралы zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әдебиет қайраткерлері

Айтхожа Марфуға — 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Ақсұңқар Серік — 1950 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Ахметова Күләш — 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Әбдікұлы Төлен — 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әлімбекұлы Толымбек — 1954 жылы туған, сатирик

Әшімов Әкім (Әкім Тарази) -1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әшіров Ахмет — 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Бөдешұлы Жәркен — 1944 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері

Гарькавец Александр — 1947 жылы туған, түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері

Досанов Сәбит — 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері

Елеукенов Шериаздан — 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Жолдасбеков Мырзатай — 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Жұмаділ Қабдеш — 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы

Исабаев Нұртас — 1954 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері

Қосылбеков Дидар — 1969 жылы туған, жазушы, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қыдырханұлы Уахап — 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері

Мұханбетқалиұлы Қажығали — 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Мырзахметұлы Мекемтас — 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Ниязбек Рәпілбек — 1943 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нұрпейісов Әбдіжәміл — 1924 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Оразбаев Иранбек — 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері

Оспан Сейфолла — 1938 жылы туған, ақын, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

Рәш Мыңбай — 1930 жылы туған, ақын, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері

Салғараұлы Қойшығара — 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сарай Әнес — 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сәдуақас Тортай — 1954 жылы туған, ақын-жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сегізбай Кәдірбек — 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Смадияров Бекзат — 1992 жылы туған, ақын

Сүлейменов Олжас — 1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты

Фроловская Татьяна — 1943 жылы туған, ақын, әдебиеттанушы, аудармашы

Ыдырысов Әбілфайыз — 1930 жылы туған, жазушы

Өнер қайраткерлері

Абдулина Айша — 1916 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Абубахриева Мукарам — 1983 жылы туған, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Адамжан Бақтияр — 1992 жылы туған, балет солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

Ахметова Шайза — 1948 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Аюханов Болат — 1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әбжанова Анара — 1986 жылы туған, суретші

Әмір-Темір Хусеин — 1940 жылы туған, актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Әшімов Асанәлі — 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Әшірбекова Роза — 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Байсейітова Раушан — 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Давыденко Оксана — 1984 жылы туған, опера солисі

Дайыров Еркебұлан — 1986 жылы туған, актер

Дүйсекеев Кеңес — 1946 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері

Еслямова Самал — 1984 жылы туған, актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы

Жаманбаев Базарғали — 1942 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Жуков Роман — 1988 жылы туған, актер

Зұлхаш Чапай — 1938 жылы туған, актер, режиссер, «Құрмет» орденінің иегері

Имаханов Бекен — 1936 жылы туған, актер, Қазақ ССР-інің халық әртісі

Имашева Баян — 1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі

Қалықова Саида — 1985 жылы туған, пианист

Камалиев Қабыкен — 1939 жылы туған, опера әншісі

Клушкин Юрий — 1937 жылы туған, музыкант, Қазақстанның халық әртісі

Қастеев Дәурен — 1979 жылы туған, суретші

Қастеева Зарема — 1947 жылы туған, балерина, Қазақстанның халық әртісі

Қосыбаева Тамара — 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Мәлібекұлы Жандарбек — 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы

Мышбаева Нүкетай — 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Нүсіпжан Нұрғали — 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері

Нұрмолдаев Серік — 1987 жылы туған, өнертанушы

Обаев Есмұқан — 1941 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Омаров Қанат — 1988 жылы туған, дирижер

Оразбаев Сәбит — 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Өтекешова Меруерт — 1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері

Өтепберген Аян — 1992 жылы туған, актер

Померанцев Юрий — 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Разиева Гульвер — 1936 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Садықова Анвара — 1982 жылы туған, хореограф-ұстаз

Сақиева Күләш — 1920 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Тасыбекова Торғын — 1938 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі

Төлегенова Бибігүл — 1929 жылы туған, әнші, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Тыныштығұлова Сара — 1942 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері

Уәлихан Шот-Аман — 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Хасанғалиев Ескендір — 1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Школьный Арий — 1926 жылы туған, кескіндемеші, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!