Еламан 2017 жылы жеңіске лайық болды — Арман Шораев дзюдошының допинг-сынамасы жайлы — Спорт

0

«Қазақстан Барысы» даму қорының қамқоршылық кеңес төрағасы Арман Шораев 2017 жылы жарыс жеңімпазы атанған Еламан Ерғалиевтің допинг сынамасынан тыйым салынған препарат табылғаны туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

2018 жылы қарашада 23 жастағы Еламан Ерғалиев дзюдодан Қазақстан біріншілігінде допинг сынамасын тапсырған еді, сол жарыста ол екінші орын алды. 2017 жылы Қызылорда облысының балуаны «Қазақстан Барысы» атанып, 25 миллион теңге сыйақы алған еді. 

Бұл мәліметті Ұлттық антидопингтік комитет растады. Тексеру шаралары жүріп жатыр, сол себепті оның қан құрамынан табылған препарат пен қанша мерзімге спорттан шеттелетіні туралы әзірге айтылмайды.

«Допинг — бұл жауыздық, мұнымен біздің Федерация бұрыннан күресіп, қатаң жазалап келеді. «Қазақстан Барысы» жарыстарының жеңімпаздары тек WADA тексеруінен өткеннен кейін сыйақыларын алады. Осылай болды және 2017 жылы да және барлығында да. 

Допинг сынамаларын алу шарасы жарысқа бір ай уақыт қалғанда Алматыда дәстүрлі түрде өткізіледі. Біздің тәжірибемізде қан құрамында рұқсат етілмеген препараттар табылып, жарысқа жіберілмеген жағдайлар болған. 

Еламан 2017 жылы біздің басты турнирімізде әділ жеңді, ешқандай допинг шыққан жоқ, сол себепті өз сыйақысын алды. 

Бүгінгі жағдайға қатысты мынаны айта аламын: 2018 жылы қарашада анықталған допинг сынамасы бұрынғы жеңістер мен нәтижелерді қайта қарауға жіберілмейді. 

Жарысқа қатыстырмау және дисквалификация мәселесі қаңтарда Федерацияның атқарушы комитетінің отырысында шешім шығарылады. Нәтижесі баспасөз беттерінде жарияланады», — деді Шораев Facebook желісіндегі парақшасында.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz