Ел жасампаздық пен тұрақтылықты таңдады

0

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс жалпыхалықтық сайлауы қазақстандықтардың қоғамдық санасының ашықтығын, жалпы саяси мәдениетінің артқанын көрсетті. Бұл сайлау біздің еліміздің демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасқанын, азаматтардың дүниежүзінде аса қарқынды жылдамдықпен болып жатқан өзгерістер жайлы хабардар екенін дәлелдеп берді.

Сонымен қатар, қазақстандықтардың әлемдік үздік жетістіктерді қабылдауға, оларды ел игілігіне қолдануға әзір екендігі, олардың белсенділігі, жасаған таңдауы, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өткені арқылы көрінді.

Халық өз қалауы бойынша ел басқару тізгінін белгілі қоғам қайраткері                 Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұстатты. Шын мәнінде, Қасым-Жомарт Кемелұлы ел ішінде ғана емес, халықаралық саясат аренасында да беделі бекем, мәртебесі жоғары білікті азамат, ел мүддесіне адал, әділетті, прогресшіл қайраткер.

Енді халықтың өзі сайланған президентке ішкі ғана емес, басқа да елдердің басшыларымен тең дәрежеде сөйлесіп, сыртқы  саясатты елдің тұрақты дамуына, жалпыұлттық міндеттерді  орындауға, әділетті, дамыған қоғам құруға кең ауқымды  құқық беріледі.

Президент сайлауына қатысқан басқа партиялардың да кандидаттары халықпен заманауи  диалог  алаңдарын құрды, етене араласты, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға тың шешімдер ұсынды.

Әрбір партия бетке ұстар лидерлері бар екенін және сол арқылы елде саяси мәдениеттің жоғарылағанын көрсетті. Сол себептен бұл сайлаудың  демократиялық негізі мен механизмі өркениетті елдердегідей озық саяси дәстүрлерге сай өтті деуге толық негіз бар.

 

Ә. Әбдіхалықова – облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері