Ел үшін еңбек еткен Құрмет Талапқазы баспаналы болды (видео)

0
407

Бұған дейін ел үшін еңбек еткен Құрмет Талапқазы университетке тегін оқуға қабылданып, «Адал» партиясы оған 2 миллион теңгенің сертификатын табыстаған болатын. Ал енді жас жігіт өз баспанасына ие болды, деп жазды turkystan.kz.

Журналист Мақсат Толықбай елден ақша жинап, биыл қуаңшылықтан малы қырылған шаруалар үшін шөп орған Құрмет Талапқазыға үй алып беру бастамасын қолға алған-ды. Тілші «Facebook»-тағы парақшасында көтерген игі бастаманың арқасында 9 миллион теңгеге жуық қаражат жиналған. «Assyltas» қоғамдық қорының құрылтайшысы, меценат Дулат Тастекей бұл сомаға тағы 9 миллион теңге қосқан.

«Еңбегімді бағалап жатқан қарапайым халыққа, ел ағаларына алғысымды айтамын», – деді жұртшылықтың қолдауына разы болған Құрмет Талапқазы.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.

«Дүйсенбі күні Шымкентке барып, Құрметпен бірге үй іздейміз.  Ағайын, жасаған сауаптарыңыз өздеріңізге мың еселеніп қайтсын!», – деп жазды парақшасында Мақсат Толықбай.