Home Жаңалықтар Ел тұрғындарының 50% жуығы медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбайды – депутат

Ел тұрғындарының 50% жуығы медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбайды – депутат

0
252

Қазақстандықтардың жартысына жуығы медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбайды, деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Лариса Павловец.

«Есепті жылы (2020 ж.) стратегиялық мақсатқа – медициналық қызметтердің қол жетімділігі мен сапасын жақсарту үшін 1,6 трлн. қаражат бөлінген.

Бұл бұрын-соңды болмаған үлкен сома. Үкіметтің есебіне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді ескере отырып, амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмекті қаржыландыру бес еседен астамға көбейтілді. 

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 65% өсті, медициналық оңалту құны екі есеге өсті. Сонымен қатар, пациенттердің медициналық көмектің сапасына қанағаттану индикаторы әлі де 53,3% құрайды», – деді Павловец сәрсенбідегі мәжіліс отырысында.

Сонымен бірге, ол осындай қомақты қаражат бөлу өзін ақтамай қалды деп күмәнданды.