Ел азаматтарына 193 мың көлемінде төлем төленетіндігі туралы ақпарат – фейк

0

WhatsApp-та еліміздің әрбір азаматына «193 817 лв» мөлшерінде төлем жасалатыны туралы хабарлама тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Stopfake.kz жарияланымында бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлаудан кейін мәлімдеген-мыс деп көрсетілген.

193 817 лв

Хабарламаны оқығанда көзге түсетін бірінші нәрсе – адамдарға қаражат төленетін валютаның лв деп көрсетілуі. Бұл болгар ұлттық валютасының белгісі: лев. Қазақстанда бұл валюта пайдаланылмайды және ешқандай мемлекеттік төлемдер жүргізілмейді.

Сонымен қатар төлемді алу үшін қандай да бір ресми ресурсқа емес, Fi-fa Qatar мекен жайы бойынша сайтқа өту ұсынылатынына назар аударған жөн.

Іс жүзінде ҚР азаматтары атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінімдерді тек eGov.kz порталында ғана бере алады, делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке қайта сайланған жағдайда, жаппай ақшалай төлемдер жасалатыны туралы сөзі де шындыққа жанаспайды. Оның сайлауалды науқанында бұл туралы ештеңе айтылған жоқ.

Демек, таралған хабарлама өтірік.