Екпеден бас тартқандар жұмысынан шығарылды

0
21847
Фото: tengrinews.kz

Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмысынан шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге екпе салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген.

Германияда коронавирусқа қарсы жаппай екпе салу, желтоқсан айының соңында басталған болатын. Бір ай ішінде препараттың бірінші дозасын, 1 миллион 200 мыңнан аса адам алды.

Екінші дозасының өзін 25 мыңдай тұрғын қабылдап үлгерген.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету