Екінші рет шаңырақ көтерген Ұлықпан Жолдасовтың ұлы сүйіктісін ұзатып алды (видео)

0

Танымал әнші әрі композитор Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат екінші рет шаңырақ көтерді. Бұл туралы әншінің қызы Фарида Жолдасова хабарлады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Фарида ағасы мен жеңгесінің той төріндегі суретін бөлісіп: «Бақытты болыңдар!», — деп жазған. Белгілі болғандай, Болаттың таңдауы Алтынай есімді бойжеткен түскен. Кеше қыз ұзату тойы өтіп, Нұрлан Өнербаев құдаларды бастап апарды. Сондай-ақ ұзату тойында Айман Нұразхан да болған. «Алтынай келінімізбен 2022 жылдың күзінде танысып, көңілімнен шыққан болатын. Аллаға шүкір, осы күнге жеткенімізге», — деп жазды Айман. Айта кетелік, Болат Жолдасов осыдан бірнеше жыл бұрын үйленіп, кейін жұбайлар ажырасып кеткен болатын.