Екінші маусымнан бастап Алакөлге пойыздар қатынайды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

«Қазақстан темір жолы» компаниясы курорт бағытына сұраныс өскен жағдайда қосымша вагондар бөлуге дайын

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Алакөл көліне дейін баратын пойыздарға билет сатыла бастағанын хабарлады.

2 маусымнан бастап Алакөлге күнара қатынайтын пойыздармен жетуге болады:

  • №22/21 «Қызылорда – Семей» және №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» пойыздары құрамындағы «Алматы – Достық» пойыздарының вагондары;
  • №121/122 «Нұр–Сұлтан – Семей» және №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» пойыздары құрамындағы «Нұр-Сұлтан – Достық» пойыздарының вагондары;

12 маусымнан бастап аптасына екі рет №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы жүреді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда блокбекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады

Бұдан бөлек, осы бағытқа жоғары сұранысты және эпидемиологялық ахуалды ескеріп, Қазақстанда қосымша пойыздар іске қосылуы мүмкін:

  • №13/14 «Алматы – Достық», аптасына 3 рет;
  • №258/257 «Нұр-Сұлтан – Достық», аптасына 2 рет;
  • №453/454 «Алматы – Достық», аптасына 3 рет;
  • №457/6941//6942/458 «Семей — Шар – Достық», күнара;
  • №459/6941//6942/460 «Өскемен — Шар – Достық», күнара.

«Қазақстан темір жолы» компаниясы егер Алакөл бағытына сұраныс өссе, қосымша вагондар бөлуге дайын екенін мәлімдеді.

Айта кетсек, Қазақстанда жолаушылар пойыздары кезең-кезеңмен қатынай бастайды.

Бірінші кезең 1 маусымда, ал екінші кезең 10 маусымда басталады.



sputniknews.kz