Екібасты бұзаудың етін жеуге бола ма: Имам Ақтөбеде туған мутант бұзаудың себебін түсіндірді — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Мутант-жануар! Ақтөбенің Комсомол ауылында екібасты бұзау туды. Ұсқыны қорқынышты жануардың видеосы әлеуметтік желіні лезде шарлап кетті. Екі құлағы, төрт көзі бар мақұлықтың туғанын әркімдер әртүрлі нәрсеге балады.

Екібасты бұзаудың етін жеуге бола ма: Имам Ақтөбеде туған мутант бұзаудың себебін түсіндірді

Тіпті, ақырзаман таяп қалғанының белгісі деп болжам жасағандар да табылды. Бұл не, кездейсоқ құбылыс па, жоқ әлде жұмбақ індет пе? Видеода ақбасты бұзаудың екі басы да толық жетілгенін, төрт көзді екенін, алайда барлығы бір денеге біткенін баяндап жатыр. Алайда, түлік туа сала өлген, деп хабарлайды Евразия.

Аймақтың бас мал дәрігері Кеңес Қанатбаев 35 жыл еңбек тәжірибемде бұрын-соңды мұндай жағдай болған емес дейді.

«Сол жақтың тұрғынында екібасты бұзау дүниеге келді. Бұл мәліметті тексеру барысында анықталғаны — өзінің кестірілмеген бұқашығы арқылы анасы қашырылған болып анықталып отыр. Қазіргі таңда, тушасы жоқ болғандықтан біз тексере алмаймыз. Қазіргі таңда еш зияны жоқ», дейді облыстық ветеринарлық басқарма басшысы Кеңес Қанатабаев.

Ветеринар мутант бұзау туды екен деп, ауылдың барлық малын тексеру қисынсыз деп отыр. Малдың иесі кейін өлі бұзауды ауылдың шетіндегі арнайы орынға барып көмген. Ветеринарлар сондықтан, зертханалық тексеру жүргізе алмайтындарын айтады. Қорасындағы басқа ірі қарада індет, не басқа ауру белгілері байқалмаған. 

Екібасты бұзау туралы ақпараттың шыққаны сол екен, көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Біреулер бұл қауесет десе, екіншілері бұған экологиялық ахуал себеп деп отыр. 

«Егіз туады, үшеу тууы сирек, ол мүмкін емес, қазір не болмай жатыр: екібасты, үшбасты. Мынау өзі шын ба? Қай жерде туған? Әйтеке би ауданында. Онда рас қой? Аспанда ұшып, түсіп жатыр. Шетелден әкеп жатыр бұқаның өзін. Шетелдің малы үйлеспейді ғой  қазақтың даласында. Соның әсері ғой!». «Бұрын-соңды мұндай болған да жоқ қой. Соңғы кезде ғой кездесіп жатқаны, ауа райынан ғой».

Мутант-бұзау туралы естіген жұрттың пікірі екіге жарылды. Тіпті біреулер бұл-ақырзаманның белгісі деп те қалды. Алайда, діндарлар бұл пікір жаңсақ, дейді.

Ағраф сүресінде Аллаһ Тағала айтады, құрсақтағы, жатырдағы, мейлі ол адамның құрсағы болсын, малдың құрсағындағы болсын, жаратылыстағы құрсақтағы туылайын деп жатқан сәби болсын, мақұлықтың балдары болсын. Оны қандай суретте, бейнеде жаратуын Алланың құдіретінде деп айтылған. Әлемде бір ерекше зат туылса, бір екібасты бұзау туылса- ол ақырзаманның белгісі немесе бір қайғының белгісі деп айту шариғатта қисынсыз. Олай айтуға болмайды. Осы малды өсіп-өнгеннен кейін сойып жеуге бола, әлде ажалымен өлген дұрыс па дейді. Әрине, екібасты болсын, құйрығы жоқ болсын, мейлі, оны жеуге шариғатта әбден рұқсат беріледі», — деді Ақтөбе қаласының бас имамы Амантай Сәдиев. 

Жалпы, мутант бұзау, лақтың тууы сирек болғанымен, кездесетін құбылыс. Интернетті ақтарып отырып, мұндай жағдайлар әр жылдары Марокко, Польшада, Колумбия, Грузияда болған деген ақпараттарды көзіміз шалды. Алайда, көп жағдайда бір көзді, алты аяқты, үш құлақты жануарлардың ғұмыры ұзаққа созылмаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz