Екібастұздағы жылу электр орталығында тағы да апат болды

0

Екібастұздағы жылу электр орталығында  тағы да апат болды. Мәліметтер бойынша, түнде күл шығаратын құбырда ақау болған. Бұл туралы Kznews kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ЕкібастұзЖылуЭнерго»-ның мәліметінше, 10 желтоқсан, сағат 01.10-да Екібастұз ЖЭО-ның күл шығаратын құбырында ақау анықталған. Сағат 05.30-да ақау жойылған. Ақау салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехінде багер сорғысын су басып қалды. Резервте болған екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды», — деп хабарлады «ЕкібастұзЖылуЭнерго».

Екібастұз ЖЭО мен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының күшімен суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі таңда станцияда жеті қазандық жұмыс істейді (№ 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14).  оның ішінде су жылыту цехіндегі 3 қазандық уақытша мазутпен жағылып жатыр.
«Жақын уақытта багер сорғысын іске қосу бойынша барлық жұмыстар аяқталатын болады. Кейін су жылыту қазандықтары графикке сәйкес көмірге ауыстырылып, стандартты жұмысы қалпына келтіріледі», — делінген хабарламада.

Фото:  @ete_ekb Instagram парақшасынан