Екібастұздағы ЖЭО басшысы өлі табылды

0

Екібастұзда гараждардың бірінен жергілікті ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылды. Өлімнің себептерін полицейлер анықтайды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Екібастұз жылу орталығы қызметкерінің қайтыс болғаны туралы ақпарат Instagram-да 5 желтоқсанда кешке пайда болды. ЖЭО учаскесінің 33 жастағы басшысы ВАЗ-21099 автокөлігінің салонында зорлық-зомбылық белгілерінсіз, гараждардың бірінде табылды.

Екібастұз полиция басқармасы бұл дерек тіркелгенін және ол бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Бұл дерек Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелген. Тексеру жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.