Екібастұзда жол сақшылары тоқтатқан көлік жүргізушісі инсульт алды

0
7998

Екібастұзда жол сақшылары тоқтатқан көлік жүргізушісі жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Бұған жүргізушінің құзырлы орган өкілдеріне бағынбай қарсылық көрсетуі себеп болған. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Жүргізуші көлікпен жаяу жүргіншілер жолағына шығып кеткен. Оны байқаған жол сақшылары көлікті тоқтатқан. Тексеру барысында жүргізушінің өзімен бірге ешқандай құжатының болмағаны анықталды. Бірақ, бұған қарсылық танытқан қала тұрғыны оқиға орнына жолдасын шақырған. Полиция көлікті айып тұрағына алып кетпек болғанда, 61 жастағы тұрғынның кенеттен қан қысымы көтеріліп, инсульт алған.

“Екібастұз ауруханасына 1961 жылы туылған азамат жеткізілген болатын. Бірінші беттен алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Реанимация бөліміне жатқызылған. Қазіргі уақытта жағдайы орташа деңгейде. Неврология бөлімінде жатыр”, – дейді Павлодар облыстық денсаулықсақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Тәртіп сақшылары өздеріне бағынбай қарсылық танытқан күйеуі мен әйеліне үш бап бойынша әкімшілік іс қозғады. Ал жүргізушінің туыстары әлеуметтік желіге полицейлер оны қысымға алып, инсульт алуға мәжбүрледі деп жазған болатын. Бірақ, тәртіп сақшылары оны жоққа шығарып отыр.

“Тексеру барысында көлік жүргізушісі өзін дөрекі ұстап, әйелі де тәртіп сақшыларына былапыт сөздер айтты. Әрі өз кінәларын мойындағылары келмеді. Сондықтан, жүргізушінің әйеліне бұзақылық бабы бойынша іс қозғалды. Ал оның жолдасына жол ережесін бұзғаны үшін 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ал билік өкіліне бағынбағаны үшін іс сотқа жолданды”, – дейді Павлодар облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары.