Екібастұзда қырықтағы блогер 14 жасар қызды зорлағаны үшін 15 жылға сотталып кетті

0
108
Сурет: psy.su

Екібастұз қаласында мас күйінде 14 жастағы қызды зорлап тастаған блогерге үкім шықты. Ол өзінің теріс әрекетін саяжайлардың бірінде жүзеге асырған, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған фактіге сәйкес, қылмыстық іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға екі ай көлемінде уақыт кеткен. Нәтижесінде 40 жастағы еркек 2020 жылдың жаз айында кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланы зорлап тастады.

Сот отырысы кезінде прокурор оған 15 жыл беруді сұрады. Оның кінәсі толықтай дәлелденгендіктен, ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енбеді.

Еске салсақ, ер адам өзі кінәсін мойындамай, ақтауды сұраған.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету